Құтқарушылар Меркідегі жоғалған шопанды тапты

57
Бүгінгі тағы бір жақсы жаңалық. Меркі ауданында қойшыны іздеу жұмыстары сәтті аяқталды. Естеріңізге сала кетейік, 13 желтоқсан күні сағат 03:40-та Меркі ауданы, Тәтті ауылының маңында шопанның адасып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Ер адамды іздеуге №9 өрт сөндіру бөлімінің ТЖ бөлімінің күштері мен құралдары жедел жөнелтілді (2 бірлік техника және 7 адам жеке құрам). Ер адам құтқарушылардың күшімен 10 сағаттан кейін табылып, одан әрі ол өзінің фазендасына жеткізілді. Медициналық көмекті қажет етпеді.
Құрметті азаматтар!Қауіпсіздік шараларын сақтауларыңызды сұраймын. Сондай-ақ, біз сіздерді дауылдық ескертулерге мән беріп, ауа-райы құбылып, нашар көріну, қар мен боран жағдайында шығуға шұғыл қажеттілік болмаса алысқа жолға шықпауға шақырамыз. Өрт немесе төтенше жағдай кезінде шұғыл “101” және “112”нөмірлеріне қоңырау шалыңыздар.
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті

Leave A Reply

Your email address will not be published.