Құтқарушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

113
Құрметті құтқару саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Құтқарушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Жауапты да қиын мамандықты игеру кез-келген адамның қолынан келе бермейтін іс.
Кәсіби міндетін бұлжытпай орындап, қызмет бабында қайсарлық пен өжеттік көрсетіп, адам өмірін түрлі апаттар мен қауіп-қатерлерден сақтап, төтенше оқиғаның алдын алу мақсатында еңбек етіп жүрген азаматтарға алғысымыз шексіз.
Төтенше жағдайлар саласы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қауіпті қызмет кез келген тосын жағдайдың алдын алып, зардабын жоюға үлкен күш жұмсайды.
Жыл басында ауданда қатты дауылдан орын алған төтенше жағдай кезінде Жамбыл облысының төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері аяқтарынан тік тұрып, үлкен жауапкершілікпен қалыпты жағдайға көшуімізге қызмет етті.
Баршаңызға ауыр да, адал еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болcын.
Мереке құтты болсын!

Сакен Мамытов, Сарысу ауданының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.