Сақтандырылсаңыз медициналық қызметтер тегін және қолжетімді

405

Жеңілдігі бар 15 санаттағы азаматтарға ай сайынғы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын мемлекет төлейді және бұл азаматтар МӘМС шеңберіндегі барлық медициналық қызметтерді толық көлемде алуда. Мысалы, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласының Н. есімді 1959 жылғы тұрғыны, зейнеткер «бүйрегінде тасы бар» диагнозымен Алматы қаласындағы «Б.Жарбусынов атындағы урологиялық ғылыми орталығына» 2023 жылдың шілде айында жоспарлы емдеуге жатқызуға жолданып, тексеруден соң пациентке тегін ота жасалды. Ота сәтті өтті, пациенттің жағдайы жақсы.
Осылайша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесі бар әрбір аудан тұрғынына МӘМС шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер тегін және қолжетімді.
Бүгінгі күні, тұрғындар аударған қаражатына қарамастан «сақтандырылған» мәртебесі арқылы медициналық көмекті кеңейтілген түрде пайдалануға мүмкіндігі бар. Өйткені МӘМС жүйесі заманауи құрылғылармен: КТ, МРТ, ПЭТ КТ, рентген секілді тексерулерден өтуді қолжетімді етіп отыр.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру
қоры» Жамбыл облыстық филиалы

Leave A Reply

Your email address will not be published.