Құрылыс сапасына қадаға күшейеді

328
Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил мен облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Қайрат
Бисембаевтың қатысуымен Тараз қаласы бойынша құрылыс нысандарындағы құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысы туралы кеңес өтті.
Басқосуда әуелі Қайрат Әшірәліұлы сөз алып, атқарылған жұмыстарды тілге тиек етті.
– Ағымдағы жылы Тараз қаласы бойынша жалпы мемлекеттік бюджет
есебінен 159 нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Оның ішінде 81 нысан 2022 жылдан өтпелі болса, оның 32-сі пайдалануға қабылданды. Сондай-ақ биыл құрылыс- монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы 294 хабарлама келіп түсті.
Оның ішінде 78 нысанның құрылысы мемлекеттік бюджет есебінен, 216-сы жеке инвестиция қаржысы
арқылы жүзеге асуда. Сонымен қатар бюджет есебінен жүргізіліп
жатқан 127 нысанның техникалық
қадағалаушы ұйымдардың ай сайынғы негізде объект құрылысының жай-
күйі және барысы туралы 82-нің
есептері толық ұсынылуда. Бұған қоса 40 нысанның жаңадан басталуына байланысты мерзімдері бар, ал 3
нысан тоқтап тұр, 2 нысан түзетуде, – деген басқарма басшысы құрылыс сапасына байланысты орын алған
кемшіліктерді де жасырмады.
Айтуынша, қала шеңберінде жалпы 74
жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 118 әкімшілік хаттама толтырылып, 30 656 730 теңге әкімшілік айыппұл салынған. Сондай-ақ 20 нысанның құрылыс жұмыстарын
сапасыз жүргізген 16 мердігер мекеме Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы
кодекстің 312-бабының 1-тармағымен әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Оның 8 мердігері Тараз қаласына тиесілі.
Жиынды қорытындылаған басқарма басшы құрылыс қателікті кешірмейтінін, сондықтан олқылықтарға жол беруге болмайтынын баса ескертті.

 

Тараз қаласының әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.