АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

314

Аудан әкімінің өкімімен аудан әкімдігі ауылшаруашылық бөліміне Бауыржан Тоқтасынов тағайындалды.
Жаңа басшыны ұжымға аудан әкімі аппаратының басшысы Самат Селеубаев таныстырды
Тоқтасынов Бауыржан Тоқтасынұлы 1978 жылы 30 шілдеде Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылында туылған.
2000 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Инженер-жерге орналастырушы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын 2000 жылы Жамбыл ғылыми өндірістік орталығы еншілес кәсіпорнында инженер-жерге орналастырушы болып бастаған.
2000-2001 жылдары Аса селолық округінің бас маман-жер инспекторы;
2001-2005 жылдары Жамбыл аудандық жер инспекциясының бастығы;
2005-2006 жылдары Жамбыл ауданы әкімиятының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бастығы;
2006-2007 жылдары Жамбыл ауданы әкімиятының жер қатынастары бөлімінің бас маманы;
2007-2018 жылдары Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2018-2021 жылдары Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру инспекторлық бөлімшесіндегі аудан әкімінің бас инспекторы қызметін атқарған.
2021 жылдың 27 мамыр айынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.
Отбасылы, 2 қыз, 1 ұл өсіріп, тәрбиелеуде.

 

Жамбыл ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.