Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

«Төртінші билік» деп аталатын баспасөз өкілдерінің қоғамдағы әсері орасан зор. Газет белгілі бір мәселеге бұқараның назарын аударып, сол мәселе төңірегінде пікір туғызады, ұсыныс айтылады.




Алдағы уақытта да аудандық газет ұжымы мен баспасөз қызметі аудандағы жаңалықтарды салмақты сөз, салиқалы пікірлерімен жеткізіп, ел игілігіне еңбек ете береді деп сенеміз.
Құрметті баспасөз саласының қызметкерлері!
Алаштың ардақтысы Міржақып Дулатұлының «Қай жұрттың баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де күшті» деген тұжырымы бүгін де барынша өзекті.

Қасиетті қаламның құдіреті шығармашылықтың шыңына көтеріп, абырой-беделдің биігіне асқақтатсын!
Журналистеріміз жағымды жаңалығымен жұртшылықты қуанта берсін!
Мереке құтты болсын!