Тұранның тарпаңы, ақын Маралтай Райымбекұлы «Жамбыл облысының Құрметті азаматы»

414
Бүгін туған топырағында, алқалы жұрттың алдында түбі бір Тұранның тарпаңы, ақын Маралтай Райымбекұлы «Жамбыл облысының Құрметті азаматы» атағын дария көңіл кеудесіне тақты.
Туған өңіріңіз табыстаған мәртебелі атағыңыз құтты болсын, Сарысудың киелі топырағынан күш-қуат алып, «Ай астындағы Кентавр» атанған ер Маралтай, ақын Маралтай, аға Маралтай!
Қалқан тесер, сауыт бұзар найзағай жырдың наркескен иесі, қасиетті Әулиеата жерінің шын жанашыры, тілеуқоры Маралтай ағамызға алдағы белестердің биігін бағындырып, кестелі жырлары жүрек төріне шыға берсін деп тілейміз!
Аман жүріңіз, аға!
Берік ағам айтпақшы, Құрметті атағыңыз өзіңізге, өзіңіз Құрметті атаққа лайықты болдыңыз!

 

Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.