Құрметті аудан тұрғындары!

90
Қазақ ұғымында отбасының орны ерекше.
Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген терең мағыналы сөз бар. Әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан.
Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы отбасында бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді.
Отбасының бала тәрбиесінде алар орны ерекше, баланың қалыптасуы отбасынан бастау алады. Туған үйдің жылуы – баланың көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ата мен ананың тәрбиесі қатар жүрген жерде жақсы азамат қалыптасатыны сөзсіз.
Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге, ауыстыруға болмайтын баспалдақ.
Ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя.
Баршаңызды бүгінгі отбасы күні мерекесімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, бақ-береке тілеймін.
Отанның бір бөлшегі – отбасыға ештеңе де жетпейді, ол табиғаттың әр адамға сыйлаған керемет бір сыйы!
Отбасы күні құтты болсын!
Құрметпен, Сәкен Үмбетұлы

Leave A Reply

Your email address will not be published.