«Құны – 3 миллион теңге»: Фариза Төреәлі анасы мен енесіне қымбат сыйлық жасады

86

Қазақстандық танымал блогер Фариза Төреәлі жан жары Дархан Нортаевпен бірге аналарына тосын сый жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Танымал жұп сыйлықты тарту ету үшін қос анасын кешкі асқа шақырған.

Бүгін менің жүрегім ерекше елжіреп тұр. Себебі жан жарым екі анамызға да сыйлық жасады. Бірақ бұл жай ғана дүние емес, бұл – жүректен шыққан шынайы құрмет, алғыс пен махаббаттың көрінісі. Ана үшін баланың бір жылы сөзі де – ең үлкен сый. Бірақ ер азаматтың анасына жасаған құрметі – бүкіл шаңыраққа жайылатын береке. Себебі ана разы болса, Алла разы. Қазақта «Ер адамның анасына деген құрметі – әйеліне деген махаббатының айнасы» деген сөз бар. Бүгін осы сөздің мағынасын терең түсіндім. Сізге алғысым шексіз! деп жазды блогер.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, блогердің берген сыйлығын қызу талқылап жатыр.

«Осындай сыйлыққа лайық аналарымыз аман болсын», «Бәрімізге аналарымызға 3 миллиондық сыйлық сыйлау жазсын», «Дархандай күйеу бала бұйырсын», деп жазды көпшілік.

 

Фото: Видеодан алынған кадр

https://malim.kz/article/show-business/quny-3-million-tenge-fariza-toreali-anasy-men-enesine-qymbat-syilyq-zasady-28597?fbclid=IwY2xjawITEFNleHRuA2FlbQIxMQABHUCVXUKlOEHloIvrYzrwTS3yIk51vsI0L8vLkzMBk5ath83jP7TLGAWzqQ_aem_fXbz1hVi_KnIuzIW6f4iYg

Leave A Reply

Your email address will not be published.