Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы «Бейбітшілік және келісім» жобасы аясында Құлан ауылында Т. Рысқұлов ауданының тұрғындарымен кездесу ұйымдастырды. Шараның мақсаты – ономастика саласындағы өзекті мәселелерді, соның ішінде елді мекендер мен көшелерге атау беру, тарихи тұлғалардың есімдерін ұлықтау ісіне қатысты заң талаптарын халыққа түсіндіру.![]()

Кездесу барысында басқарманың бас маманы Ақтолқын Исқалиева «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы кеңінен баяндап, ономастика саласындағы заңнама талаптарын нақты мысалдармен түсіндірді.
Іс-шараға 25 адам қатысып, белсенді пікір алмасты. Тұрғындар тарапынан Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімін көшелерге беру туралы ұсыныстар айтылып, мамандар тарапынан заң аясында нақты әрі толық жауаптар берілді.
Кездесу бейбітшілік пен қоғамдық келісімді нығайтуға, сондай-ақ этностар арасындағы бірлікті арттыруға бағытталған маңызды диалог алаңына айналды.