Құқықтық түсіндіру және жеке қабылдау ұйымдастырылды

89

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД тапсырмасына сәйкес №67 мекемесінде сотталғандарды жеке қабылдау және құқықтық түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
№67 мекемесінде басшы құрамның сотталғандарды жеке қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес ұйымдастырылып, олардың жеке мәселелері бойынша өтініштері қаралды. Қабылдау барысында сотталғандарға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, әлеуметтік-құқықтық бағыттағы кеңестер берілді.
Іс-шараға адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі және прокуратура өкілі қатысып, сотталғандардың құқықтарын қорғау, өтініштерді қарау тәртібі және заңнамалық кепілдіктер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар сотталғандарға тәртіптік шараларды қолдану кезінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің талаптары қатаң сақталатыны жеткізілді.
Қабылдау барысында сотталғандарға қолданылған тәртіптік шаралар заң талаптарына сәйкес жүргізілетіні, қабылданған шешімдер қолхат арқылы таныстырылатыны атап өтілді. Шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаны жеңілдету мәселелері бойынша қосымша әлеуметтік-құқықтық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Мекеме әкімшілігі тарапынан арнайы контингентті жеке мәселелері бойынша қабылдау жұмыстары тұрақты бақылауда. Алдағы уақытта да мұндай қабылдаулар жүйелі түрде жалғасып, сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыстар жалғасын табады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.