Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, Түймекент және Суханбаев ауылдық округтерінде тұрғындармен кездесу өткізіліп, мал ұрлығы мен интернет алаяқтық қылмыстары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шара барысында тұрғындарға интернет алаяқтық тәсілдері мен мал ұрлығының алдын алу жолдары түсіндіріліп, сақтық шараларын сақтау бойынша кеңестер берілді. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарына уақытылы жүгінудің маңыздылығы айтылды.
Аталмыш шараға аудан әкімінің аппараты, аудандық полиция бөлімінің қызметкері, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің заңгері, сондай-ақ ауылдық округ мамандары қатысты.
Шараның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тұрғындарды қылмыстық қауіптен қорғау екенін айта кетейік.
Сондай-ақ аудан аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды. Мақсат — жастардың өміріне қауіп төндіретін теріс әрекеттердің жолын кесу және елді мекендерді қауіпсіз ету. Профилактика барысында Суханбаев ауылдық округіндегі қараусыз қалған ескі ғимараттар мен нашақорлық жарнамасы жазылуы мүмкін орындарға зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу барысында күмәнді жазбалар мен граффити жазулары анықталған жоқ.
Аталған шараға аудан әкімінің аппараты, аудандық полиция бөлімінің қызметкері, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің заңгері, сондай-ақ ауылдық округ мамандары қатысты.