«Қуандық Бишімбаевтың Sensata Group-қа қатысы жоқ»: Құрылыс компаниясы мәлімдеме жасады

106

"Қуандық Бишімбаевтың Sensata Group-қа қатысы жоқ": Құрылыс компаниясы мәлімдеме жасады
 сурет: kaztag.kz

Қуаныдық Бишімбаевқа қатысты сот процесіндегі мәлімдемеге қатысты «Sensata Group» құрылыс компаниясы мәлімдеме жасады. Компания мәлімдемесін instagram-дағы парақшасына жариялады. 

«Sensata Group» құрылыс компаниясы Қуандық Бишімбаевтың отбасы мүшелері мен оның айналасындағылардың компанияға қатысы жоқтығын және құрылтайшылар мен басшылықтың мүшесі болып табылмайтындығын ресми түрде мәлімдейді. Бишімбаевтар отбасының Sensata Group құрылыс компаниясына қатысы жөнінде сот барысында айтылған тұжырымдар шындыққа жанаспайды, — деп мәлімдеді компания.

Бұған дейін 29 наурызда өткен сот отырысында аталған құрылыс компаниясының Қуандық Бишімбаевқа және оның жақындарына қатысы бар екені туралы дерек айтылған болатын.

https://turkystan.kz/article/241498-uandy-bishimbaevty-sensata-group-a-atysy-zho-rylys-kompaniyasy-m-limdeme-zhasady

Leave A Reply

Your email address will not be published.