Криштиану Роналду саудиялық «Аль-Наср» клубы құрамында ресми матчтардағы алғашқы голын соқты деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Португалиялық шабуылшы Сауд Арабиясы чемпионатының 15-турында сырт алаңда «Аль-Фатех» клубымен өткен матчта 93-минутта пенальтиді дәл орындады.
Бұл матч 2:2 есебімен тең аяқталды. Осылайша, Криштиану командасын жеңілістен сақтап қалды.
Бұл Роналдудың «Аль-Наср» құрамындағы ресми ойындардағы бірінші голы еді. Бұған дейінгі екі ресми бәсекеде оның қанжығасы майланбаған еді.
«Аль-Наср» клубы 34 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап келеді.