Кредитті рәсімдеуге тыйым салу туралы

177

Енді әрбір Қазақстандық өз еркімен кредиттер мен шағын қарыздарды рәсімдеуге тыйым сала алады. Ол үшін eGov mobile немесе eGov.kz порталында өтінім беру қажет.
Қызметке тек азаматтың өзі өтініш бере алады. Кредиттер мен микроқарыздарды рәсімдеуге тыйым салу 6 айға белгіленеді және осы мерзім өткеннен кейін автоматты түрде алып тасталады. Бұл шектеулерді кез келген уақытта алып тастауға болады.
Аталған қызметті eGov.kz порталында «Азаматтарға» — «Кеден және салықтар» — «Экономика және қаржы» бөлімінен алуға болады.
— «Банктік қарыз, микрокредит алудан ерікті түрде бас тартуға өтінім беру» қызметін таңдап, «Онлайн сұрау» батырмасын басыңыз;
— Өтініш беруші туралы ақпарат толтырғанда электронды поштаны толтырыңыз;
— Қызметке қол қойып, өтінімді қарастыруға жіберіңіз.
Қызмет көрсету нәтижесі 30 минут ішінде дайын болады.

 

Тұрар Рысқұлов ауданының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.