ҚР Үкіметінің Мемлекеттік инспекторы Қыдырберді Беков Талас ауданына жасаған іс-сапарында бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандардың жұмысымен танысты.
Алдымен Қыдырберді Әндірұлы Қаратау қаласында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Бауыржан Момышұлы №10 мекен жайында орналасқан тұрғын үйді көрді. Бүгінгі таңда 5 қабатты тұрғын үйде жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Аудандағы жұмыс сапары Қаратау қаласындағы «Игілік» жылу қазандығында жалғасты. Кәсіпорын қаланы жылумен, ауыз сумен және кәрізбен жабдықтау шаруашылық қызметтерін іске асырады. Бүгінгі таңда қазандық көппәтерлі тұрғын үйлерді, мемлекеттік мекемені, сондай-ақ, әлеуметтік және коммерциялық объектілерді жылумен, ауыз сумен қамтамасыз етуде.
ҚР Үкіметінің Мемлекеттік инспекторы Қыдырберді Беков жөндеу жұмыстары басталған Б. Момышұлы №13 үйдің құрылыс басында болып, жұмыстарды нақты уақытында, сапалы орындауды назарда ұстауды тапсырды.
________________________