ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов 11 тамызда Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында берілген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде кеңес өткізді

65

Үкімет басшысына су шаруашылығы, ирригациялық және дренаждық жүйелерді күрделі жөндеу бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп берілді.

Әлихан Смайылов қырғыз тарапымен бірлесіп, трансшекаралық өзендер бойынша болжалды деректерге сәйкес 2024 жылғы вегетациялық кезеңді өткізу алгоритмін алдын ала әзірлеу қажеттігіне тоқталды. Сонымен қатар Тараз қаласында кәріз-тазарту құрылыстарын салу және жылу магистральдарын қайта жаңарту, Тараз, Жаңатас, Қаратау және Шу қалаларындағы көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеу, сондай-ақ қолданыстағы қазандықтарды жаңғырту жобаларының өзекті мәселелері қаралды. Сондай-ақ Мойынқұм ауданындағы Радай және Қарабөгет көпірлерінОтар-Гвардейск аудандық маңызы бар автожолындағы теміржол өткелі арқылы өтетін көпір салу жобалары туралы баяндамалар тыңдалды. Әлихан Смайылов облыс әкімдігі барлық басым жобалар бойынша құжаттама әзірлеуді және тиісті бюджеттік өтінімдерді беруді жеделдету қажеттігін атап өтті.

Бұл ретте су шаруашылығы құрылымдарын күрделі жөндеуден өткізуге, суару желілерін қайта жаңартуға, су қоймаларын салуға және су үнемдеу технологияларын енгізуге баса назар аудару қажет екенін айтты.

 

Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.