ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ САНИТАРЛЫҚ — ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ

174
ҚР ПІБ Медициналық орталығының Санитарлық – эпидемиологиялық сараптама орталығында жоғары технологиялық аспаптарда зерттеулердің жаңа зертханалық әдістерін сынақтан өткізу және енгізу жұмыстары жалғастырылып келеді.
Ағымдағы кезеңде тиімділігі жоғары сұйықтықты хроматография көмегімен қосжақтаулы моллюскалардағы фикотоксиндерді анықтау әдістері енгізілді. Осы әдістің көмегімен 1 сағаттың ішінде теңіз өнімдеріндегі микотоксиндердің мөлшері анықталады. Бұл әдіс санитарлық қызметте тек біздің Орталықта ғана енгізілген. Бұл әдіс қадағалауды арттыратын санитарлық-эпидемиологиялық технологиялар санатына жатады. Сондай-ақ, айналмалы буландырғышта сынама дайындау әдісі енгізілді. Бұл әдіс − алкоголь мен алкогольді сұйықтықтарды тез және қауіпсіз айдап, одан әрі зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.
Gulzhan Khalikyzy

Leave A Reply

Your email address will not be published.