Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. А.Әшімбекұлын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындау туралы Ардақ Әшімбекұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Астана, Ақорда, 2018 жылғы 14 қараша
№ 789
Сондай-ақ Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Бірінші департаменті Үшінші басқармасының аға инспекторы Жасұлан Аманжолұлы Сәрсембайға жүктелді. Ал Елбасының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары Әзімхан Әлиханұлы Жүсіпов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндеттерін уақытша атқарудан босатылды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының Өкімімен Ардақ Әшімбекұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы қызметінен босатылды.