Қостанайда полицейлердің заңды талаптарына бағынбаған төрт тұрғын жазаланды

85

Полициянык мәліметінше, әкімшілік сот оларға 30 АЕК (110 760 теңге) мөлшерінде айыппұл тағайындады.

Қостанай облысы ПД істің мән-жайын айтты.

6 сәуірден бастап облыс орталығында жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі енгізілді. 7 сәуірде түн ортасында су басқан Красный кузнец көшесіне бір топ адамдар келді. Полицейлерге қыздардың бірі қалған заттарын алу үшін үйге барғысы келетінін айтты. Күндіз эвакуациялау шаралары жүргізілмеді. Себебі көршілер де үйлерінен кетпейтінін көрген.

Кешке қарай осы аумақта тұратын адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. Ауданда полицейлер эвакуацияланған тұрғындардың мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін патрульдеу жұмыстарын жүргізді. Қызметкерлер олардың барлығы эвакуацияланғанын түсіндіруге тырысқанда, олардың төртеуі агрессивті түрде әрекет етіп, балағат сөздер айта бастаған.

 

 turkystan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.