Қостанайда есірткі сатумен айналысқан екі студент қыз 10 жылға сотталуы мүмкін

98

Қостанайдағы колледждердің бірінде оқыған 19 жастағы екі студент қызға биыл қаңтар айында есірткі сатумен айналысқан деген айып тағылған болатын

Анастасия Савостьянова мен Ангелина Антипенко төрт ай бойы есірткі сатумен айналысқан. Олар есірткіні Петропавлден тасымалдаған. Студенттер есірткіні көпқабатты тұрғын үйлердің кіре берісіне және тағы басқа жерлерге тығып, сатқан. Қаңтар айында қыздарды ұстау кезінде ішінде ұнтағы бар 50 орам, ал олардың жалдамалы пәтерінен 192 грамм синтетикалық мефедрон есірткісі табылған.

Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша айып тағылды. Ең аз дегенде қос бойжеткен 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.

 

https://turkystan.kz/article/234070-ostanayda-esirtki-satumen-aynalys-an-eki-student-yz-10-zhyl-a-sottaluy-m-mkin

Leave A Reply

Your email address will not be published.