Қостанай облысында ер адам туысын өлтіріп тастаған

103

Қостанай облысында 40 жасар ер адамды өз туысы өлтіріп тастады деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

18 ақпан аудандық ауруханаға таңғы сағат 05:00 шамасында бас жарақаты бар 40 жастағы ер адам жеткізілді. Ол ауруханада жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

«Белгілі болғандай, жәбірленушіге оның 23 жастағы алыс туысы келген. Олардың арасындағы ұрыстан кейін 40 жастағы ер адам ауруханаға түсті. Күдікті қылмыс орнында ұсталды», – делінген хабарламада.

ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі «Кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

https://turkystan.kz/article/214219-kostanay-oblysynda-er-adam-tuysyn-oltirip-tastagan/

Leave A Reply

Your email address will not be published.