Косметолог тері мен шаш күтіміне арналған өнімдерді атады

104

Фото: majesticbrush.com

Маман терінің жағдайы жоғары гликемиялық индексі бар тағамдардан нашарлайтынын ескертті: қант, ақ нан, қуырылған тағамдар және фастфуд.

«Егер бұл өнімдерге тәуелді болсаңыз маңдайдың үстіңгі бөлігінде кішкентай әжімдер, көздің астында қалталар, тері бозғылт және сұр реңкке еніп, безеу, экзема, дерматит пайда болады. Сондықтан мұндай мәзірден бас тарту керек.  Сондай-ақ алкоголь сыртқы көріністі нашарлатып қана қоймай, дененің дәнекер тінін құрайтын құрылымдық ақуыз — коллагенді бұзады», — деді маман.

Сондай-ақ Капитанова ақуыздың денсаулық пен сұлулықты сақтауға көмектесетінін айтты.

«Белок компоненттерінің жетіспеушілігінен тырнақтар сынып, шаш түсіп, гормоналды деңгейлер зардап шегеді. Өсімдік ақуызының көздері бұршақ, дәнді дақылдар, жаңғақтар, тофу, соя сүті, асқабақ тұқымдары және кейбір жасыл көкөністер (мысалы, брокколи) болып табылады. Бұл өнімдер әсіресе ет жемейтіндерге пайдалы.

Егер де шашыңыз, тырнағыңыз және теріңіз әдемі болғанын қаласаңыз қызыл ет, құс еті, теңіз өнімдері, балық, сүзбе, ірімшік, грек йогурты, жұмыртқа өнімдерін тұтынғаныңыз жөн. Сондай-ақ таза су ішуді ұмытпаңыз. Себебі таза су — әдемі тері мен шаштың басты құпияларының бірі», — деді маман.

https://stan.kz/kosmetolog-teri-men-shash-kutimine-arnalgan-onimderdi-a-388852/

Leave A Reply

Your email address will not be published.