Көшпенділер ойынынан кейін қазақ халқын балағаттаған қырғызстандық кешірім сұрады

47

Фото: 24kg

Мәліметтерге сенсек, ұсталған азамат әлеуметтік желіде ауыр жүк көлігінің кабинасынан Қазақстан туын жұлып алып тастап жатқан видео жариялаған.

Видеоның 21 жастағы авторы Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіне жеткізіліп, әңгіме жүргізді. Ол эмоцияға бой алдырғанын айтып, екі халықтан кешірім сұрады.

«Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті бұдан кейін арандатушылыққа бой алдырмауға және спорттық ойындар төңірегінде қақтығыстарды үдетпеуге, тоқтатуға шақырады. Бұл екі елдің бауырластық және достық қарым-қатынастарына нұқсан келтіруі мүмкін», – деп ескертті Қырғызстанның барлау қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасы көкпар ойындарында Қырғызстан командасын 4:5 есебімен жеңіп, ел қоржынына алтын медаль салды. Бірақ қырғыз ағайындар ойынның әділетсіз өткенін айтып, төрешіні жерден алып, жерге салды.

https://stan.kz/koshpendiler-oyininan-keyin-kazak-halkin-balagattagan-k-406653/

Leave A Reply

Your email address will not be published.