Көшпелі қоғамдық қабылдау – Көлбастау ауылында

182

Бүгінде «AMANAT» партиясының жанындағы қоғамдық қабылдау бөлмелерінің басты бағыты – жекелеген азаматтардың өтініштерінде көрсетілген мәселелерді шешуге көмектесу және атқарушы билік органдарының қызметіне қоғамдық бақылау жасау болып табылады.

Бүгін «AMANAT» партиясының аудандық филиалының жанынан құрылған көшпелі қоғамдық қабылдау тобы Мыңбұлақ ауылдық округінің орталығы Көлбастау ауылында болып, округтің тұрғындарын бірқатар сұрақтармен қабылдау жүргізді.

Көшпелі қоғамдық қабылдау тобының құрамында партияның жауапты қызметкерлерімен қатар, аудандық әкімдіктің тиісті бөлімдерінің басшылары мен мамандары да бар. Олар әртүрлі сұрақпен келген тұрғындарға барынша түсінікті әрі қарапайым тілде жауап беріп, мәселелердің оң шешімін табуына ақыл-кеңестер берді.

Тұрғындар «Ауыл мектебінде қоғамдық қабылдау болады» деген хабарды естіп, осында келгендерін айтады. Тұрғындар негізінен Көлбастау ауылындағы әлі күнге жарықтандырылмай отырған бірқатар көшені жарықтандыру (Ә.Рысбек және Д.Ковешников көшелері) мәселесін және Ә.Рысбек көшесінде электр қуатының өте төмен екенін, сонымен бірге ауызсудың мәселесіне байланысты да бірқатар мәселені көтерді.

Көшпелі қоғамдық қабылдауда болған округке қарасты Талапты ауылының да азаматтары ауылдағы ауызсу мен егістіктерді суландыру жүйелерін қалыпқа келтіру сияқты өзекті де маңызды сұрақтарды топ мүшелерінің назарына салды.

Тұрғындар одан бөлек, топ мүшелеріне Көлбастау ауылының жоғарғы бөлігіндегі қоқыс полигонын жабу, мал жайылымы т.б. сұрақтармен қайырылып, оған бөлімдердің басшыларымен қатар, облыстық және аудандық мәслихаттың депутаттары жауап берді.

«AMANAT» партиясы Жуалы аудандық филиалы

Leave A Reply

Your email address will not be published.