«Қош болыңдар»: Атырауда 16 жастағы қыз көпірден секіріп кетті

134

16 жастағы Асемай Қазбекова 6 сәуір күні үйінен шығып, белгісіз бағытқа бет алған. Оны іздеу жұмыстары бірнеше күнге созылған. Кейін қыздың көпірден секіріп кеткені анықталды. Бұл туралы волонтер Сандуғаш Кукенова Facebook-тағы парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz

«Соңғы бейнеде Асемай тек мостқа көтеріліп бара жатқаны көрінді. Сол жағадағы бір үйдің камерасында үмітіміз болды қарауға. Алайда ол үй иесі 1, 2, 3 күндері өз үйінде болмаған еді. Үй иесі охотоға кеткен екен. Бүгін іздеудің 4-күні сол үйдің иесі үйіне келген болатын. Асемайдың әкесі сол үйдің камерасын қарауға кіріп шыққан. Камерадан қарағанда, Асемай қызымыз, өкінішке орай, мосттан секіріп кеткен. Өте өкінішті» деп жазды Сандуғаш Кукенова.

Жасөспірімді іздеуге еріктілер мен халық қалаулылары да қосылған болатын. Бұған дейін облыстық мәслихат депутаты Надежда Шильман өзінің Facebook парақшасында Асемай соңғы фотосуретін көпірдің қасында түсіріп, оған «Қош болыңдар» деген жазба қалдырғаны туралы жазды. Полиция Асемай Қазбекованы іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын хабарлады.

https://turkystan.kz/article/219519-kosh-bolyndar-atyrauda-16-zhastagy-kyz-kopirden-sekirip-ketti/

Leave A Reply

Your email address will not be published.