Қазақстанда бір күнде 3 мыңнан аса адам COVID-19 жұқтырды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 3095 дерегі тіркелді:
- Нұр-Сұлтанда – 918,
- Алматыда – 694,
- Шымкентте – 78,
- Ақмола облысында – 119,
- Ақтөбе облысында – 47,
- Алматы облысында – 101,
- Жетісу облысында – 129,
- Атырау облысында – 76,
- Шығыс Қазақстан облысында – 25,
- Абай облысында – 55,
- Жамбыл облысында – 121,
- Батыс Қазақстан облысында – 87,
- Қарағанды облысында – 327,
- Ұлытау облысында – 35,
- Қостанай облысында – 55,
- Қызылорда облысында – 63,
- Маңғыстау облысында – 36,
- Павлодар облысында – 67,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 40,
- Түркістан облысында – 22.
Сондай-ақ 1571 адам коронавирустан айықты:
- Нұр-Сұлтанда – 670,
- Алматыда – 624,
- Ақтөбе облысында – 10,
- Алматы облысында – 6,
- Жетісу облысында – 43,
- Атырау облысында – 13,
- Шығыс Қазақстан облысында – 41,
- Жамбыл облысында – 35,
- Батыс Қазақстан облысында – 15,
- Қарағанды облысында – 40,
- Ұлытау облысында – 13,
- Қызылорда облысында – 14,
- Маңғыстау облысында – 17,
- Павлодар облысында – 9,
- Түркістан облысында – 21.
Елімізде барлығы 1 306 614 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
29 шілдедегі мәлімет бойынша 24 285 адам коронавирус жұқтырған.
Оның ішінде 1 490 пациент стационарда, 22 795 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 36 адамның жағдайы ауыр, 12 пациенттің жағдайы өте ауыр, 5 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, — деп жазылған хабарламада.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы:
- «Қызыл» аймақта тұрған өңір жоқ;
- «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан;
- «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.
Айта кетейік, кеше елімізде коронавирус 2 мыңнан аса адамнан анықталған еді.