Қазақстанда бірнеше күннен бері коронавирус жұқтырғандардың саны азайып жатыр. Алматыдан басқа өңірлерде бір тәулікте анықталған науқастардың саны 400-ге жетпейді.
Өткен тәулікте 3 653 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды, деп хабарлады коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Бір күн бұрын 4 826 науқас тіркелген болатын.
Өңірлердегі статистика:
Нұр-Сұлтан қаласы — 366,
Алматы қаласы — 1146,
Шымкент қаласы — 19,
Ақмола облысы — 288,
Ақтөбе облысы — 66,
Алматы облысы — 195,
Атырау облысы — 32,
Шығыс Қазақстан облысы — 109,
Жамбыл облысы — 61,
Батыс Қазақстан облысы — 110,
Қарағанды облысы — 295,
Қостанай облысы — 298,
Қызылорда облысы — 20,
Маңғыстау облысы — 15,
Павлодар облысы — 345,
Солтүстік Қазақстан облысы — 274,
Түркістан облысы — 14.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 1 274 607.
Коронавирустан қанша адам қайтыс болды?
Өткен тәуліктегі мәлімет бойынша Қазақстанда 16 адам коронавирус инфекциясынан, үш адам ковид пневмониясынан қайтыс болды.
COVID-19 індетінен қайтыс болғандардың жалпы саны 13 372, ковид белгілері бар пневмониядан көз жұмғандардың саны 5 288 адамға жетті.
Қанша адам COVID-19-бен ауырып жатыр?
7 ақпандағы жағдай бойынша 95 515 адам коронавирустан емделіп жатыр. Ауруханаларда 9 897 науқас бар.
Коронавирус жұқтырған және пневмониямен ауырған 453 науқастың жағдайы ауыр, 155-інің жағдайы өте ауыр, 96 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылды.