Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтар 6,5 млн теңге айыппұл төлейді

544

Қазақстаннан Кореяға жұмыс істеуге барған азаматтарымыздың саны туралы БАҚ жариялаған ақпарат жалған. Кореяда 12 мың қазақстандық заңсыз жүр. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров брифинг барысында айтты.

«Кейбір ақпарат құралы Оңтүстік Кореяда 39 мың қазақстандық жүр деген ақпарат рас емес. Олар – сол елге кіріп-шыққан қазақстандықтардың саны. Кореяда 19 мың қазақстандық заңды түрде еңбек етуде немесе оқып жүр. 12 мың қазақстандық заңсыз жүр. Корея территориясында заңсыз жүргендерге «Жасыл коридор» ашылған болатын. Егер азаматтарымыз осыны пайдаланып, елге қайтпаса, олар сол елдің заңына сәйкес біздің ақшаға шаққанда 6,5 млн теңге айыппұл төлейді», — деді ресми өкіл.

baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.