Қордай – бейбітшілік пен келісім мекені

570

Бүгін Жамбыл облысының Қордай ауданына «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында 3 бағыт бойынша жұмысшы топ өкілдері барды. Атап айтсақ, «Этносаралық және конфессияаралық келісім» тобы, жетекшісі Б.Жамангозов, Ж.Омаров, «Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу және бизнесті дамыту» тобы, жетекшісі Ж.Баубеков, А.Сейсебаев, «Құқық қорғау саласы» тобы, топ жетекшісі-Қ.Мамаев құрамы ауданның өзге ұлт этнос өкілдері және қандастар тығыз орналасқан елді мекендерді көптеп қамти отырып 152 іс-шара ұйымдастырмақ.

Жоба 26-29 сәуір аралығында өтеді деп жоспарланған. Барлық іс-шарада карантиндік-сақтық шаралары қатаң бақылауға алынбақ. Жұмыс тобының алғашқы іс-шарасы аудандық актив отырысынан басталып, жиыннан соң топ жетекшілері мен сала басшыларына Қордай ауданы әкімдігінің үйлестіруші салалық бөлім басшылары өз бағыттары бойынша атқарылатын жұмыстарды таныстырды.
Атап айтсақ, түске дейін Қордай, Масанчи, Қаракемер, Ноғайбай, Степной, Жамбыл, Жаңатұрмыс, Әлжан ана, Қарасу, Алға, Өтеген, Сортөбе ауылдарында «Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, жетілдірілген жаңа қазақ әліпбиімен тұрғындарды таныстыру», «Ауданның білім беру қызметкерлері үшін этносаралық қатынастарды дамыту», «Қаракемер ауылдық округінің жастарына мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру», ««Жусан» гуманитарлық операциясы аясында елге оралған азаматшалармен оңалту жұмыстарын жүргізу» және тағы да басқа 32 іс-шара өтіп, оған 963 адам қатысты.
Жалпы,  2020 жылы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Машбекұлының тапсырмасына сәйкес, «Бейбітшілік пен келісім» жобасын іске асыру бойынша ауданда 618 іс-шара ұйымдастырылып, оған 15 481 адам қамтылған болатын. Нәтижесінде, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 23 адам қайтарымсыз грантпен қамтамасыз етілді (12,8 млн. тг), 24 адам «Еңбек» бағдарламасы аясында жұмысқа тартылды, 44 адам тұрақты жұмысқа орналасты, 6 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, 4 адам шағын несиемен қамтылды (21,3 млн. тг) және 516 адамға стационарлық амбулаториялық ем көрсетілген болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.