Қордай ауданының әкімі мердігерлерге бірқатар тапсырмалар жүктеді

450

Қордай ауданының әкімі Рүстем Рысбайұлы ауданда атқарылып жатқан барлық жұмыстарды, әсіресе жаңадан басталған құрылыс нысандарын назардан тыс қалдырмай күн сайын жеке аралап, бақылауында ұстап келеді. Өткен аптаның аяғында аудан әкімі бір күндік жұмыс күнін, ауылдардағы құрылыс алаңдары мен бірқатар кәсіпкерлік нысандардың жұмысымен танысуға арнады.
Аудан әкімі Р.Дәулет құрылыс нысандарын аралау барысында Отар және Сұлутөр ауылдарындағы бірқатар нысандардың жұмысын көріп, мердігерлермен кездесті. Құрылыс алаңындағы бүгінгі күнге атқарылған жұмыстардың барысын көріп, құрылыс нысандарының кемшілік тұстарын айтып, оларды жою бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Аудан басшысы ең алдымен Гвардейский қалашығындағы ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу жанындағы вакцина шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылыс алаңында болып, маңызы зор нысанның құрылыс жұмыстарымен танысты. Нысанның құрылысына жауапты тұлғалар аудан әкіміне бүгінде жұмыстар жоспарға сәйкес атқарылып жатқандығын жеткізді. Рүстем Рысбайұлы елдегі эпидемиологиялық ахуалды ескеріп құрылыс жұмыстарының сапалы әрі мерзімінде аяқтау жөнінде құрылыс компаниясының басшыларына тапсырмалар берді.
Аудан әкімінің жұмыс сапары Отар ауылындағы іргетасы жаңадан қаланған спорттық-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмысын көрумен жалғасты. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толығымен басталып, жұмысшылар қызу тірлікке кіріскен. «Taраз- Ісмер» жауапкершілігі жүргізіп жатқан спорт алаңның көлемі 1500 шаршы метрге жуық жерді құрайды. Спорт нысанының құрылысымен танысқан аудан әкімі, бұл нысанның сапасы мен қолданылып жатқан құрылыс материалдарына баса назар аудару қажеттігін қатаң тапсырды.
Рүстем Рысбайұлы жұмыс сапарының соңында Сұлутөр ауылындағы №38 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарының құрылысымен танысып, мердігер компания басшыларына мектепті келісілген мерзімге дейін пайдалануға беруді жүктеді. Бүгінде мектепті ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары бастап кеткен.
Жұмыс сапарының соңында аудан әкімінің орынбасары Е.Орынбаевқа аудан көлемінде жүргізіліп жатқан барлық әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылысы жұмыстарына күнделікті бақылау жүргізіп отыруды тапсырды. Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелердің және мердігер компаниялардың басшыларына аталған жұмыстар бойынша уақытылы әрі сапалы орындауды жүктеп, бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.