КӨПТЕГЕН ШАРУАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

373
Бүгін орталық алаңда Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне орай ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп, тұрғындарға өнімдер қолжетімді бағада ұсынылды.
Шарада аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы ауылшаруашылық еңбеккерлерін кәсіби мерекесімең құттықтап, еңбегімен еленген, үздік атанған шаруа басшыларын марапаттап бағалы сыйлықтар табыс етті.
Сонымен қатар аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев пен аудан әкімінің орынбасары Ербол Жиенқұлов шаруа басшыларына сый-сияпат ұсынды.
Мерекеге орай ұйымдастырылған жиында аудан тұрғындарына 6000 дана жұмыртқа, 170 келі жылқы еті, 130 келі қой еті, 150 келі сиыр еті, 100 келі балық, 200 келі құс еті, сүт өнімдері 220 келі, шұжық өнімдері 500 келі, 6000 дана жұмыртқа, 3 тонна пияз, 1,9 тонна картоп, 2,5 тонна сәбіз, 800 келі қырыққабат, 900 келі асқабақ, 1,2 тонна жеміс-жидек өнімдер ұсынылды. Жәрмеңкені Ербол Жұмабекұлы аралап шықты.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.