Комиссия құрылып, қызметіне кірісті

53

Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей, жазасын өтеп жатқан адамдар мемлекет азаматтары ретінде, белгілі бір құқықтық шектеуге қарамастан, адамның азаматтық құқығы мен бостандығына ие бола алады. Сол себепті сотталғандармен жұмыс істеу барысында олар қоғамнан шығарылып қалғандар ретінде емес, қайта оның мүшесі болып қала беретініне ерекше көңіл аударылады.

Бұл ретте Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемксінде тиісті шаралар жүргізіліп келеді. Осыған орай мекеменің жедел, режим және тәрбие бөлімдері бірлесіп, комиссия құрды. Өз қызметіне кірісіп үлгерген аталмыш комиссия сотталған азаматтардың дәрежесін айқындау ісімен айналысуда.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.