Талас ауданында 2022 жылы бітіруші түлектерді жұмыспен қамту мақсатында Қаратау құрылыс-техникалық колледжінде дәстүрлі «КОЛЛЕДЖ – ТҮЛЕК – ЖҰМЫС БЕРУШІ» тақырыбында жәрмеңке өткізілді.
Осымен 10 рет ұйымдастырылып отырған жәрмеңкеде құрылыс және «газ-шаруашылық» техниктері, «химия» технологтары, «автомехан-иктер», «техник-бағдарламашылар» техник-электриктер, және жұмысшы мамандықтары дәнекерлеушілер және аспазшылар сынды 8 мамандық бойынша бітіруші түлектерді мүмкіндігінше жұмысқа орналастыру қарастырылды.
Жәрмеңкеге түлектерді жұмыспен қамту мақсатында алдын-ала хабарланған облыс, аудан көлеміндегі ірі 20-дан аса мекеме, кәсіпорын басшылары мен аудандық жұмыспен қамту орталығы мен кәсіпкерлер палатасының және «Жастар ресурстық орталығының басшысы қатысты.
Жәрмеңкені кіріспе сөзбен ашқан колледж директоры Д.Мәселбеков өткен оқу жылы бітірген түлектерді жұмысқа орналастыруда қолдау көрсеткен барлық мекеме басшылары мен аудандық жұмыспен қамту орталығы басшысына рахметін айтып, өткен жылғы түлектерді жұмысқа орналастыру 90 пайызды көрсетсе, оның 47 пайызы өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналастырылғанын айтып, жәрмеңке жұмысына сәттілік тіледі.
Шара барысында аудан әкімдігі жұмыспен қамту орталығы тарапынан жастар тәжірибесі бағдарламасы, алғашқы жұмыс орны жобасы және жаңа жоба – ұрпақтар келісім шарты және күміс жас жобаларының «Еңбек» бағдарламасы негізінде 16 жұмыс орнын ұсынылды.
«Игілік» КММ, «Қазфосфат» ЖШС, «Шолақтау» ТКӨК, «Атамекен-Мрамор-Көктал» ЖШС тарапынан электриктер, дәнекерлеушілер, тау-кен электромеханигі, слесарьлар, газ шаруашылығы техниктерін, ал, аудандық «Электр желісі» ЖШС электриктерді жұмысқа шақырса, аудан әкімдігі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан жастар тәжірибесі арқылы «жас маман», «маман» қызметтеріне және «Talas imvestment company» ЖШС химик-лаборант және слесарь, дәнекерлеуші, тас қалаушы мен ағаш ұстасына, Тараз қаласынан келген «Фортис Констракшн» ЖШС өкілі құрылыс мамандықтары бойынша бітірушілерді тас қалаушы, құрғақ құрылыс, сылақ, паркетші, бетоншы жұмыстары мен құрылыс шеберіне жұмысқа шақырылды. Бітіушілерді барлығы 70-ден аса жұмыс орындарына шақырту алды.
Жалпы жәрмеңкенің қорытындысы бойынша мекемелер тарапынан 90-ға жуық ваканттық орындарға жұмыстар ұсынылды.