“Көлікті рұқсатсыз алып кеткен”: СҚО-да 18 жастағы жігіт жасөспірімді қағып өлтірді

98

Фото: pixabay.com

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мағжан Жұмабаев аудандық ІІБ кезекші бөліміне «Шкода Рапид» көлігін тізгіндеген 18 жастағы жасөспірім 16 жастағы велосипедшіні қағып кеткені туралы хабарлама түскен.

«Ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Бұл факті бойынша «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Көлік мамандандырылған тұраққа қойылды», – делінген хабарламада.


Ақтөбе облысында полицей әйелі мен күйеуін қағып өлтірген: Жәбірленушілердің отбасы кешірім бермейтіндерін айтты


Жас жігітті бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысында әскери қызметкердің 17 жастағы қызды қағып өлтіргені туралы жазған едік.

https://stan.kz/kolikti-ryksatsiz-alip-ketken-sko-da-18-zhastagi-zhigit-404908/

Leave A Reply

Your email address will not be published.