Көкжөтел – ауыз қуысында, мұрында және көмейде өмір сүретін Bordetella pertussis бактериясы тудыратын тыныс алу жолдарының өте жұқпалы ауруы. 1 жасқа дейінгі балалар ерекше қауіп тобына жатады.
Инфекцияның көзі – науқас адам немесе көкжөтел қоздырғышының тасымалдаушысы.
Көкжөтел қоздырғышы ауа арқылы таралады, ол науқас жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде ауаға енеді.
Көкжөтел – өкпенің қабынуы (пневмония), мидың зақымдануы сияқты асқынулармен қауіпті.
Көкжөтелмен ауыратын науқастарды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жоқ.
Бүгінгі күні балаларды және барлық ересектерді көкжөтелден қорғаудың жалғыз сенімді және тиімді әдісі – ерте балалық шақтан басталып, 60 жасқа дейін жалғасатын вакцинация. Алғашқы вакцинация 2, 3, 4 және 18 айларда басталады. Әрі қарай, егу 6, 16 жаста және әр 10 жылда ересектерде жүргізіледі. Бұл ретте дифтерияға, көкжөтелге және сіреспеге қарсы иммунитетті дамытуға мүмкіндік беретін аралас вакцина қолданылады.
Көп жылдық тәжірибе егу жиілігі мен егу аралықтарын сақтау қажеттілігін растап отыр. Егер осы шарттар сақталса, ағзаның көкжөтел ауруына жеткілікті берік иммунитеті пайда болады.
Құрметті ата-аналар, балаңыздың денсаулығы сіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыз. Балаңызға екпені уақытылы алуға және де еліміздің дені сау азаматы болып өсуіне өз ықпалыңызды тигізуге шақырамыз!
Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы — Б.С. Шиналиев