Көкшетауда Мәжіліс комитетінің көшпелі отырысы өтті

82

Көкшетауда ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің көшпелі отырысы өтті.

Делегация құрамында комитет төрағасы, «AMANAT» фракциясының мүшесі Мәди Тақиев, Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері мен сарапшылар болды.

Іс-шараға қатысушыларды облыс әкімі Ермек Маржықпаев қарсы алды.

Өңір басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын баяндай келе, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және тұрғын үй құрылысы салаларындағы өсімнің оң қарқыны туралы айтты.

«5 айдың қорытындысы бойынша біз экономиканы дамытудың оң серпініне қол жеткіздік. Еліміздің өңірлер бөлінісінде негізгі индикаторды орындау бойынша біз көшбасшы орынға шықтық. Мәселен, өнеркәсіптік өндіріс индексі – 116,5 пайызды, ауыл шаруашылығы 105,6 пайызды құрады. Негізгі капиталға салынған инвестиция 17,8 пайызға, салынған тұрғын үй 7 пайызға өсті», – деді Ермек Маржықпаев.

Іс-шараға қатысушылар ел өңірлері арасындағы бюджеттік қатынастарды нығайту және республикалық көрсеткіштер аясында әр облыстың бәсекеге қабілеттілігі мәселелерін талқылады.

252142 entry 0 1 1687508929

«Бізде жаңа бюджет кодексі әзірленіп жатыр, ол күзде Үкіметке ұсынылады. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар арасында бюджетаралық қатынастарды нығайтқымыз келеді, оның әлеуетін көру, проблемалық салаларды ескеріп, болашақта оларды дұрыс бюджет саясатын пайдалана отырып бірге шешу үшін сіздің облысыңызға келдік», – деді Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Мәди Такиев.

Кездесу аясында өңірлерде өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында бюджетаралық қатынастарды дамытудың қазіргі заманғы тәсілдері қарастырылды.

Спикерлер «Жаңа тәсілдерді ескере отырып, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру», «Бюджетаралық қатынастарды реформалау және оларды Ақмола облысында іске асыру» және «Бюджетаралық қатынастарды реформалау тәжірибесі» тақырыптарында сөз сөйледі.

Облыстық басқармалардың басшылары ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және экономика комитетінің мүшелерінен сұрақтарға толық жауап алды.

252142 entry 0 2 1687508931

Нәтижелі пікірталастан кейін қонақтарға нысанның жай-күйімен таныстыру мақсатында Көкшетаудағы РК-2 жылу қазандығының жұмысы көрсетілді.

Ары қарай қонақтар жаңа емханадағы заманауи жабдықтармен танысты. Комитет мүшелеріне ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жеткізетін және техниканы сервистік сүйемелдеуді, агроменеджмент қызметтерін көрсететін кәсіпорын таныстырылды.

Ресми сапардың қорытындысы бойынша бюджетаралық қатынастар саласындағы барлық проблемалық мәселе бақылауға алынды. Уәкілетті органдар жергілікті бюджетті дамыту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізетін болады.

https://turkystan.kz/article/226410-kokshetauda-mezhilis-komitetinin-koshpeli-otyrysy-otti/

Leave A Reply

Your email address will not be published.