КӨГІЛДІР ОТЫННЫҢ ИГІЛІГІН КӨРЕТІН КҮН АЛЫС ЕМЕС

128
Ағымдағы жылдың мамыр айынан бері Досбол ауылына қарасты Шағалалы елді мекеніне газ тарту жұмысы жүргізіліп жатыр.
Бұл ауыл тұрғындарының қашаннан бергі арманы десек те болады.
Осы уақытқа дейін бұл мәселе Шағалалы ауылының тұрғындары тарапынан жиі көтеріліп келді.
Себебі, осыдан 4-5 жыл бұрын көршілес Досбол, Тоғызкент ауылдарына газ құбыры тартылып, ел игілігін көріп жатыр.
Шағалалы ауылына газ келеді деген хабар жеткелі бері асыға күткен тұрғындар құрылыстың басталғанын көріп, қуануда.
Құрылыс жұмыстарын мердігер «Тараз – Даниял К» ЖШС-і жүргізуде.
Жоба құны 89,5 млн. теңге. Газ құрылысын жүргізу жұмысы қазіргі таңда қарқынды.
Газ құбырын тарту аудан басшыларының басты назарында.
Жақында ғана аудан әкімі Сәкен Мамытов жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын көріп, жұмысты сапалы әрі уақытында аяқтауды тапсырды.
Енді міне, көпшіліктің тілегі орындалып, көгілдір отынның игілігін көретін күннің ауылы алыс емес.
Сарысу ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.