Қоғамға бейімдеу – баршамыздың міндетіміз

955

«Жаңа-Ру» жастар коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігі Меркі ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша аудан аумағында «Ауданда қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және жұмыспен қамту сонымен бірге қоғамға бейімделу жұмыстарын ұйымдастыру» атты әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда.

Әлеуметтік жоба бойынша Меркі ауданының Ақтоған, Меркі, Жаңатоған, Аңдас батыр және Тәтті ауылдық округтерінде кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында Пробацияда жүрген жастар және ауыл тұрғындары қатыстырылды. Кездесуге арнайы қонақ ретінде Пробация инспекциясының қызметкері Әділет аға летинанты Ниязбеков Ерболат Абдразакович қатыстырылды. Ол пробацияда жүрген жастарға қалай көмек бере алатынын, оларға қандай мүмкіндік қарастырығанын, қалай жұмысқа орналасуға болатындығын сөз етіп ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп өтті. Келесі лекторымыз ол Меркі аудандық жұмыспен қамту бөлімінің қызметкері Нуркемелова Салтанат Ержанқызы қазіргі таңдағы Меркі ауданында қандай бос жұмыс орындары бар екендігі туралы сөз етті.
Келесі сөз кезегін «Жаңа-Ру» жастар коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігінің қызметкері Карабаев Нурсеит Ғалымжанұлы қалай пробацияда жүрген жастарды қоғам болып бір ауыл болып қоғамға қайта бейімдей алатындығымыз туралы сөз етті.
Кездесу Меркі ауданының ауылдық округтерінің әкмшілігінде, ауыл клубтарында ұйымдастырлуда. Кездесуге әр ауылдық округтен 20-25 адам қатыстырылуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.