Колледждегі келелі кездесу

757

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселері басқармасының «Волонтерлар мектебінің жұмысын үйлестіру, жүргізу және олардың әлеуетін кеңінен пайдалану бағытындағы шараларды үйлестіру» тақырыбындағы мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысы шеңберiнде «KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қоры Жамбыл медициналық колледжінде «100 жаңа есім» жобасның жеңімпазы, Жамбыл облыстық қоғамдық кеңес хатшысы Сейдәзімов Сембек Әбетайұлымен кездесу ұйымдастырып, өткізді.

Кездесуге колледж студенттері мен оқытушылар қатысты. Іс-шара барысында түрлі маңызды мәселелер мен салмақты әңгімелер айтылды. Студенттер тарапынан асқан қызығушылық байқалды. Сембек Әбітайұлының өмірде ұстанатын қағидалары мен жетістікке жету формуласы да біршама көлемді әңгімеге айналды. Жастардың қойған сұрақтары мен кездесу бойынша айтылған ойлары көпшіліктің көңілінен шықты. «Жақсы қария қызарып жанған шоққа тең»- демекші, ағамыздың айтқан ақыл-кеңесі мен бөліскен ойлары жастардың жүрегінен орын алды деген ойдамыз.

Кездесу соңында Сембек Әбітайұлына студенттер мен колледж атынан алғыс айтып, іс-шараның ұйымдасуына себепкер болған «KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қорынан естелік сыйлық табыс етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.