Қоғамға бейімделуіне көмек беріледі

59

Сотталған азаматтарды қайта жұмысқа орналастыру жобасы аясында «Қақпа алдындағы кездесу» жобасының маңызы зор. Бұл жоба арқылы темір тордың ар жағындағы айыпталушылар саны да азаймақ.

Жуырда Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №25 мекемесінде «Қақпа алдындағы кездесу» жобасы өтіп, 1 азамат бостандыққа шықты.

Абақтыдан босап шыққан азаматқа Тараз қалалық «Мансап» орталығының бас маманы Мұрат Әмреев пен мекеме қызметкерлері мемлекет тарапынан көрсетілетін демеулерге тіркелу тәртібі түсіндірілді.

Кездесу соңында тәртіп сақшылары қайталап құқық бұзушылыққа жол бермей, бостандықта туыстық қатынасын нығайтып, қоғамға қайта бейімделуі керектігін ескертті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.