ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ

110
Ауданда қоғамдық көліктердің саны артып келеді.
2022 жылғы 14 желтоқсандағы Жамбыл облыстық мәслихатының 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 40-13 «Жамбыл облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу және мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы № 23-9 шешіміне сәйкес ауданда 8 маршрут әлеуметтік маңызы бар деп танылды.
Атап айтқанда, ауданішілік «Жаңатас – Жайлаукөл», «Жаңатас – Игілік, Саудакент арқылы», «Жаңатас – Жайылма, Саудакент арқылы», «Жаңатас – Тоғызкент – Әбілда», «Жаңатас – Ә. Бүркітбаев – Үшбас – Арыстанды», «Жаңатас – Ұ. Сыздыбайұлы – Ақтоғай», сонымен қатар қалаішілік Орталық базар-Шоқай Датқа көшесі», «5 А шағын аудан – Ертегі әлемі аялдамасы — Аулие ата көшесі» бағыттары бар.
2023 жылдың 27 қаңтар күні жоғарыда айтылған 8 маршрутқа тасымалдаушыларды анықтау мақсатында конкурстық комиссия өтті. Нәтижесінде барлық маршруттарға тасымалдаушылар анықталған.
Ағымдағы жылдың 1 ақпаннан бастап 4 маршрут рейске шығады.
Олар:
1. ауданішілік «Жаңатас – Жайлаукөл» бағыты, аптасына 4 күн,
2. «Жаңатас – Игілік, Саудакент арқылы» бағыты, 2 рейстен аптасына 6 күн,
3. «Жаңатас – Тоғызкент – Әбілдә» бағыты, 1 рейстен аптасына 6 күн,
4. «Жаңатас – Ұ.Сыздықбай – Ақтоғай» бағыты 2 рейстен аптасына 6 күн қатынайтын болады.
Қалған 4 маршрут ағымдағы жылдың 5 ақпаннан бастап рейске шығады.
Олар:
1. Қалаішілік «Орталық базар – Ш.Датқа көшесі» бағыты 10 рейстен аптасына 6 күн қатынайды, 2 автобус жүретін болады.
2. Қалаішілік «5 А шағын аудан – Ертегі әлемі аялдамасы – Аулие ата көшесі» бағыты 10 рейстен аптасына 6 күн қатынайды, 2 автобус жүреді.
3. Ауданішілік «Жаңатас – Жайылма, Саудакент арқылы» бағыты 2 рейстен аптасына 6 күн қатынайды.
4. «Жаңатас – Ә.Бүркітбаев – Үшбас – Арыстанды» бағыты 1 рейстен аптасына 6 күн жүретін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.