Бүгінде ауыл-аймақтан аудан орталығына қатынайтын қоғамдық көліктердің мәселесі күн тәртібінен түспей тұрғаны жасырын емес. Елді мекен тұрғындарымен өткен кездесулерде де дәл осы мәселе жиі көтерілетін. Осыған орай, бүгінгі аппараттық жиында өңірдегі жолдардың жай-күйі мен қоғамдық көлік мәселесі кеңінен талқыланды. Тиісінше, ауыл әкімдеріне қоғамдық көлік мәселесін жергілікті жердегі жеке кәсіпкерлер арқылы шешу тапсырылды.
Одан бөлек, жиын барысында көктемгі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстары мен аудан орталығындағы түйткілді мәселелер жан-жақты сараланды. Қазіргі кезде қала мен ауылдың тазалығы өте өзекті күйінде қалып отыр. Сол себепті санитарлық тазалау жұмыстарына жергілікті тұрғындардың да атсалысқаны жөн. Бұл жұмыстарды бір жүйеге келтіріп, халықты сенбілікке тұрақты түрде тарту жұмыстары тікелей ауыл әкімдеріне жүктелді.
Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі