ҚМА есірткімен ұсталған қызметкеріне қатысты ақпаратқа түсінік берді

76

Қаржылық мониторинг агенттігі Экономикалық тергеу департаментінің қызметкері ұсталғанын, оның жанында қаруы мен есірткі болған деген ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлады turkystan.kz.

Әлеуметтік желілер және түрлі БАҚ-та Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкері Е.Д.Нұрғазы есімді азаматты полиция ұстағаны, оның жанынан қару табылғаны туралы тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Нұрғазы Е.Д. қаржылық мониторинг органдарының қызметкері емес және қазіргі уақытта мұндай қызметкер бізде жұмыс істемейді, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық ғаламтор беттерінде Қаржы мониторингі агенттігінде жұмыс істейтін қызметкердің ұсталғаны туралы ақпарат тараған. Ұсталған уақытта оның көлігінен есірткі мен қару табылған.

https://turkystan.kz/article/201382-kma-esirtkimen-ustalgan-kyzmetkerine-katysty-akparatka-tusinik-berdi/

Leave A Reply

Your email address will not be published.