КХДР-да жасырын зымыран базалары табылды

509

АҚШ Солтүстік Кореяда жасырын түрде сақталған 13 зымыран базасын тапты.

Бұл туралы Вашингтондағы Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығы мәлімдеді. Жерсеріктен түсірілген суреттерге қарағанда, полигондар Солтүстік Кореяның таулы аймақтарында орналасқан. Болжам бойынша базалар зымыран арсеналын сақтау үшін пайдаланылады және онда әр түрлі қашықтықтағы баллистикалық зымырандардың бар болуы мүмкін. Алайда әскерилер зымыранды іске қосатын қондырғылардың анықталмағанын айтады. АҚШ сарапшыларының пайымдауынша, Солтүстік Кореяда 20-ға жуық құпия зымыран базасы бар.

Сонымен қатар Пхеньянда әскери нысандардың әлі де жұмыс істеуі әбден мүмкін.

24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.