Кішкентай бишілер жеңімпаз атанды

60
Жуырда ХХ Республикалық «Жұлдызай» балалар шығармашылығы фестивалінің облыстық кезеңі өтті. Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың өнерге деген қызығушылығын дамытып, таланттарын ашу, өздеріне деген сенімділіктерін арттыру мақсатында өткен фестивалға мекемемізден он бала қатысты.
Олар «Кішкентай биші» номинациясы бойынша «Миньондар биі»-мен І орын иеленіп, жүз мың теңгенің сертификаты табысталды. Балаларды дайындап, жетекшілік еткен мекемеміздің әлеуметтік педагогі Темірбек Қуаныш Исраилқызы.
Сондай-ақ, балаларды облысқа тасымалдау үшін көлікпен қамтамасыз етіп, демеушілік көрсеткен Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұржан Мұхтарұлы мен Талас ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Мәди Рыскелдіұлына және балаларды облысқа алып бару, алып келу кезінде жолдағы қауіпсіздігіне жауапты болған, әрі балаларды тамақтандыруда демеушілік көрсеткен Талас АПБ Потрульдік полиция тобының инспекторы Әділжан Русланұлына үлкен алғыс айтамыз.
Мөлдір Базарбайқызы,
психологиялық – педагогикалық түзету кабинетінің әдіскері

Leave A Reply

Your email address will not be published.