КІШІ ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

170
Өткен сенбі күні Түркістан ауылдық округінде ауыл жастары арасында кіші футболдан ашық турнир өтті.
Бұл турнир Жамбыл облысының 85 жылдығына және жазғы Париж Олимпиадасының ашылу құрметіне орай ұйымдастырылды.
Жарыстың негізгі мақсаты ауыл жастары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулығын нығайту, жас спортшылардың шеберліктерін шыңдау. Сондай-ақ, жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайтып, оларды патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Аталған турнирге ауылдық округтегі елді мекендерден 6 команда қатысып өзара бақ сынады.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері және жекелеген ойыншылар медальдармен, дипломдармен марапатталды.
Жеңімпаз командаға жарыстың арнайы кубогы табыс етілді.

Сарысу ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.