Киік – киелі жануар

1 185

Киіктің қаншалықты киелі екендігін кім білсін, бірақ өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын, тез бейімделіп кететін жануар екендігі анық. Киікті қазақ киелі жануар деп есептейді. Ел   арасында оларды атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар. Ақбөкендердің басына қаншама зобалаң заман туғанмен, миллиондаған жылдар бойы тұқымын сақтап қала алды. Осының өзі ақбөкендердің өмірге өте бейімділігін, өсімталдығын аңғартады. Киіктер мамыр айының 10-15 аралығында жаппай төлдей бастайды, осы кезде ауа райы бұзылып, міндетті түрде жауын-шашын болады. Қазақтар оны «құралайдың суығы» деп атаған.

Мамандардың есебінше, Қазақстан тәуелсіздік алғалы елдегі миллионға жуық бөкендерден тек 45 мың бас қалған. Табиғатта аязды қыстарда және эпидемия кезінде бөкендердің 100 мыңдап қырылып қалатын оқиғаларын еске түсірсек, онда олардың жуық арада мүлде жойылып кету қаупі тұрғандығын байқаймыз, дейді табиғат қорғаушылар.

Бүгінгі таңда, еліміздің киіктерді қаскерлерден қорғау мәселесі өзекті мәселе, Киіктердің қырылыуының басты себебі, олардың мүйізіне деген үнемі сұраныстың артуы мен жабайы аңшылықтың тыйылмауы болып отыр.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.07.2012 жылғы    № 969 қаулысының 1 тармағымен ғылыми мақсаттарда пайдаланудан басқа, еліміздің бүкіл аумақтарында киіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға 2020 жылға дейін тыйым салған.

Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының жедел тобы облыс аумағында киіктердің таралымдарының көбеиіп, сақталуына және оларды заңсыз аулаудың алдын-алу мен оны болдырмау мақсатында, арнайы жедел-профилактикалық іс-шараларын ұдайы өткізіп келеді. Жергілікті азаматтардан заңсыз аңшылыққа «құмар» азаматтардың тізімін жасақтап, олармен түсіндірме жұмыстары бөлек жүргізіліп, қажет болған жағдайда оларға бақылау орнатылып отырады.

Заңсыз аңшылықпен және броконъерлікпен айналысып жүрген азаматтар ұсталған жағдай да, ол бойынша хаттамалардың заңға сәйкес толтырылуын, оның  ішінде фото, бейне камералармен алғашқы дәлелдемелер мен айғақты заттарды нақты белгілеу барысында, ҚР ҚПК талаптарын қатаң сақтауды әр қайсымыз есте ұстаған жөн.

Нұрсұлтан Нұрғали,

Жамбыл облыстық орман шаруашылығы

және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.