Бүгін аудандық мәдениет үйінде Бауыржан Момышұлы мемориалдық музейінің көшпелі көрмесі өтті. Көрмеде батыр туралы жаңа деректер ұсынылды.

Бұл көрме «Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК-на қарасты «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығы және «Данқ» залы қызметкерлерінің бастамасымен Бауыржан Момышұлының 115 жылдығы қарсаңында ұлы батырымыздың артында қалған мол мұрасын ұлықтау мақсатында ұйымдастырылуда.![]()

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі