Әскерге бару – азаматтық парызың

261
Кез-келген әскерге жарамды Қазақстан Республикасының 18-27 жас аралығындағы азаматы Отан алдындағы әскери борышын өтеуге міндетті.
Оларды медициналық тексеріс нәтижесінде бірнеше топқа бөледі. Десек те, соңғы кезде Отан үшін отқа түсетіндердің саны азайып кетті. Басым бөлігі ол жердегі жағдайдан үрейленеді.
Оқтын-оқтын шығып тұратын әскер жайлы жайсыз қауесеттер ата-аналарды үркітіп қойған. Әрине, әскерге өз еркімен сұранатындардың да қарасы жетерлік.
Бауыржан Момышұлының «Әскери қызмет дегеніміз – дені сау әрбір азаматтың асыл парызы, ардақты борышы, кімде-кім әскери қызметтен жалтарса ол патриот емес» деген керемет сөзі бар. Әскер сені тәртіпке, жүріп-тұруға, қару ұстауға, бұйрыққа бағынуға, бірлесіп қызмет жасауға үйрететін нағыз ер-азаматтардың мектебі. Осы мектептен өзім де өткендіктен әскерге ер азаматтар баруы тиіс деп санаймын.
Міне, бүгінгі Жаңатас көп салалы колледжінде өткен жиында осы туралы кеңінен айтылды.
Жиналғандар өз ойларын ортаға салса, студент жастар әскер қатарына барғысы келетінін немесе не үшін барғысы келмейтіндіктерін айтты.
Осыдан соң өздерінің құнды ой пікірлерін жеткізген әр саланың жауаптылары әскери қызметтің артықшылықтары туралы да егжей – тегжейлі баяндап, қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.
Қалай десек те сарбаз боп сапқа тұру әр азаматтың ар-ожданына, намыс пен жігеріне байланысты. Осындайда бойына бес қаруын асынып жауға шапқан өр рухты қазақтың батырлары еске түседі.
Ұлан байтақ жеріміз сол батырлардың ер жүректіліктері мен отанға деген адалдығының арқасында аман қалды.
Кешегі Ұлы Отан соғысында қан төгіп, қаһармандықпен шайқасып, тіпті ажал құшқан жанкешті қазақтың ұрпақтары емеспіз бе?! «Отан үшін отқа түс күймейсің» демей ме батыр Бауыржан.
Отан алдындағы борышты өтеу үшін сен де әскерге бар, сапқа тұр, АЗАМАТ!
Асылжан Пазылбеков,
Сарысу ауданы «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.